Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жұмысының негізгі бағыттары

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 0
  • 29.09.2023, 10:00
  • 29.09.2023, 17:00

Әбітаев Болат 29.09.2023, 16:31, Сұрақ нөмірі: 12297

  • 0

Менің мемлекеттік қызметке тұрғаныма алдағы айда 1 жыл толады. Егер мені әскер қатарына шақырып әскерге алып кеткен жағдайда мемлекеттік қызметке келу үшін қайта тест тапсырамын ба?

МЕНДАЛИЕВ ЕРЛЕГЕН 29.09.2023, 16:48

Саламатсыз ба! «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 40-бабына сәйкес мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырылған жағдайда оларға мерзімді әскери қызмет кезеңінде жалақысы сақталмайтын демалыс беріледі және олардың жұмыс орны (мемлекеттік лауазымы) сақталады.