«Мемлекеттік қызметтегі заңнамалық өзгерістер, конкурс өткізілместен тағайындаулар»

«Мемлекеттік қызметтегі заңнамалық өзгерістер, конкурс өткізілместен тағайындаулар» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Мемлекеттік қызмет басқармасының қызметшілері жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 2
  • Жауаптар: 2
  • 02.10.2023, 09:00
  • 02.10.2023, 18:00

Олжабаева Гульнур 02.10.2023, 16:33, Сұрақ нөмірі: 12301

  • 0

Сәлеметсізбе! Менің естуім бойынша жаңа өзгерістерге сәйкес Жоғарғы оқу орнын жоғарғы көрсеткішпен аяқтаған түлектерді конкурссыз тағайындау мүмкіндігі бар екен. Осы жөнінде ақпарат беруді сұраймын.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 02.October.2023, 17:59

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 15 баптың 6 тармағына сәйкес, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде білім беру ұйымдарында уәкілетті орган белгілеген мәннен төмен емес оқу нәтижесімен оқуын бітірген адамдар осы оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде конкурс өткізілместен "Б" корпусының мына мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына: облыс ауданының немесе облыстық маңызы бар қаланың (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа) әкімі және мәслихаты аппараттарының төменгі лауазымына, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыс ауданы және облыстық маңызы бар қала (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа) атқарушы органының басшылық емес лауазымына, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшылық емес лауазымына, орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының облыс ауданындағы немесе облыстық маңызы бар қаладағы (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа) аумақтық бөлімшесінің басшылық емес лауазымына орналаса алады.