«Мемлекеттік қызметтегі заңнамалық өзгерістер, конкурс өткізілместен тағайындаулар»
«Мемлекеттік қызметтегі заңнамалық өзгерістер, конкурс өткізілместен тағайындаулар» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Мемлекеттік қызмет басқармасының қызметшілері жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 02.10.2023, 09:00
- 02.10.2023, 18:00
Құшан Наргиз 02.10.2023, 17:15, Сұрақ нөмірі: 12302
Қайырлы күн! Мен мемлекеттік қызметке бас маманға жұмысқа кірейін дегем. Қандай заңдар бойынша тест тапсыруым керек? Егер өтпей қалсам, қанша мерзімнен кейін қайтіп тапсыра алам?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 02.October.2023, 17:57
Қайырлы күн, Наргиз! «Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидаларына сәйкес, бас маман «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттарды ҚР мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеудің 2 бағдарламасы бойынша 10 заңнан тастілеуден өту қажет. Атап айтсақ, ҚР Конституциясын, "ҚР Президенті туралы" ҚР конституциялық заңы, ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, "ҚР мемлекеттік қызметі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" ҚР заңдарын, ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) бiлуге арналған тестер. Сонымен қатар, ҚР мемлекеттік тілін білуге арналған тестілеуден өтеді. Аталған Қағидаға сәйкес, ҚР заңнамасын білуге арналған тестілеу бағдарламаларында көрсетілген мәндерден төмен нәтиже алған "Б" корпусының лауазымына үміткерлерді қайта тестілеуге жіберуге тестілеу өткізілген күннен бастап кемінде күнтізбелік он бес күн өткен соң жол беріледі.