Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты сұрақтар бойынша

  • Сұрақтар: 2
  • Жауаптар: 2
  • 06.10.2023, 11:00
  • 06.10.2023, 18:00

Бірмағанбет Ақтолқын 06.10.2023, 14:24, Сұрақ нөмірі: 12304

  • 0

Менің мынадай сұрағым бар еді, мүгедектікті белгілеу үшін құжаттарымды кімге ұсынуым қажет?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 06.October.2023, 14:43

Сұрағыңызға рақмет! Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына 3-қосымша «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 1-тармағына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелері болып табылады.