«Дипломмен ауылға» бағдарламасы шеңберінде әлеуметтік қолдау шараларын алу аясында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты мәселелер бойынша
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты мәселелер бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 06.10.2023, 15:00
- 06.10.2023, 18:00
Даярова Жаркынай 06.10.2023, 15:39, Сұрақ нөмірі: 12305
Саламатсызба. Сұранысқа ие мамандықтар тізбесі не үшін қажет? Егер менің мамандығым бұл тізбеде болмаса мен әлеуметтік қолдау шараларын ала аламын ба?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 06.October.2023, 15:42
Қайырлы күн. Белгілі бір салада кадрлардың жетіспеушілігі мәселелерін шешу үшін әкімдіктерге сұранысқа ие мамандықтар тізбесін қалыптастыруға мүмкіндік берілді. Бұл тізбе аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің ресми сайтында орналастырылады. Бұл тізбе алдағы кезеңге тиісті салада әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну үшін мамандықтар санаттарын айқындауға мүмкіндік береді. Осы норманы енгізгенге дейін Қағидаларда мұндай мүмкіндік болмады және әлеуметтік қолдау шараларын жылдың басында өтініш берген мамандар ғана алды. Алайда, бұл тізбеге ағымдағы жағдайға қарай өзгерістер енгізілуі мүмкін (қосымша ақша бөлу, басқа мамандықтардан бас тарту және т.б.).