«Дипломмен ауылға» бағдарламасы шеңберінде әлеуметтік қолдау шараларын алу аясында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты мәселелер бойынша
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты мәселелер бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 06.10.2023, 15:00
- 06.10.2023, 18:00
Тұрганбаева Алина 06.10.2023, 15:49, Сұрақ нөмірі: 12306
Саламатсызба. Жолданған мамандар туыстарынан тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредитті пайдалануға болады ма
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 06.October.2023, 15:57
Сәлеметсізбе. Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Заңның 1-бабының 13) тармақшасында айқындалған жақын туыстарынан (жұбайынан (зайыбынан), атасынан (әжесінен), ата-аналарынан (оның ішінде асырап алушылардан), балаларынан (оның ішінде асырап алынғандардан), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-қарындастарынан) тұрғын үй-жай сатып алуға, сондай-ақ азамат тұрақты тұратын тұрғын үй-жайды сатып алуға тыйым салынған.