Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қатысты
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 17.10.2023, 10:00
- 17.10.2023, 18:00
Ниғметова Қымбат 17.10.2023, 15:28, Сұрақ нөмірі: 12317
Қайырлы күн! Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен тұрақтылығын техникалық тексеру сарапшысы ретінде аттестаттаудан өту үшін қандай құжаттар ұсыну керек? Тестілеуден өту кезінде қанша балл жинау қажет?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 17.October.2023, 15:38
Сәлеметсіз бе. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 114 бұйрығымен бекітілген «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларына берілген 1-қосымшасының 8) тармақшасына сәйкес: 1) жеке басын куәландыратын құжат – өтініш берушінің жеке басын сәйкестендіру үшін (тестілеуге жіберу кезінде ұсынылады); 2) жоғары кәсіптік білімі туралы дипломның электрондық көшірмесі; 3) еңбек кітапшасының электрондық көшірмесі. Тестілеуден өту үшін 100 сұрақтың 70 сұрағына дұрыс жауап беру қажет.