Елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету
Облыс аумағындағы елді мекендердің ауыз сумен жабдықтау саласында атқарылып жатқан жұмыстарына бөлінген қаражаттар
- Сұрақтар: 7
- Жауаптар: 7
- 10.07.2023, 15:00
- 30.12.2023, 13:00
Әмірқызы Айдана 17.10.2023, 15:53, Сұрақ нөмірі: 12318
Сәлеметсіздерме! Тіреу және қоршау конструкциялары бөлігінде жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша техникалық қадағалаудың сарапшысы ретінде алған аттестатымның мерзімі 2021 жылы өтіп кеткен екен, аттестатты алу үшін қайта тест тапсыруым керек пе?
Жамбыл облысы 09.November.2023, 15:26
Құрметті Әмірқызы Айдана! Сіздің өтінішіңізге сәйкес төмендегіні хабарлаймыз. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 114 бұйрығына сәйкес, "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы Қағидаларға сәйкес облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Аталған Қағиданың 16 тармағына сәйкес, сарапшының аттестаты мынадай жағдайларда қайта ресімдеуге жатады: 1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) өзгерген;; 2) қағаз аттестатын қолданылу мерзімі көрсетілмей электрондық аттестатқа ауыстыру; 3) электрондық аттестатты мерзімі жоқ электрондық аттестатқа ауыстыру. Алайда, тіреу және қоршау конструкциялары бөлігінде жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша техникалық қадағалаудың сарапшысы ретінде алған аттестатыңызды электрондық аттестатқа ауыстырған кезде қолданылу мерзімі көрсетілмей аттестатты қайта ресімдеуге болады. Сонымен қатар, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы көрсетілетін қызметті берушіге электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес құжаттары бар өтінішті жібереді.