Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қатысты
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 17.10.2023, 10:00
- 17.10.2023, 18:00
Әмірқызы Айдана 17.10.2023, 16:00, Сұрақ нөмірі: 12319
Сәлеметсіздерме! Тіреу және қоршау конструкциялары бөлігінде жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша техникалық қадағалаудың сарапшысы ретінде алған аттестатымның мерзімі 2021 жылы өтіп кеткен екен, аттестатты алу үшін қайта тест тапсыруым керек пе?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 17.October.2023, 16:04
Қайырлы күн. Аттестаттың мерзімі өткен жағдайда, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 114 бұйрығымен бекітілген «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларының 16-тармағына сәйкес тестілеуден өтпей-ақ, қайта ресімдеуге болады. Сарапшының аттестаты мынадай жағдайларда қайта ресімдеуге жатады: 1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) өзгерген;; 2) қағаз аттестатын қолданылу мерзімі көрсетілмей электрондық аттестатқа ауыстыру; 3) электрондық аттестатты мерзімі жоқ электрондық аттестатқа ауыстыру.