Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары

Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары

  • Сұрақтар: 2
  • Жауаптар: 2
  • 18.10.2023, 10:00
  • 18.10.2023, 17:00

Ниғметова Қымбат 18.10.2023, 10:40, Сұрақ нөмірі: 12320

  • 0

Мемлекеттік қызметкерлерді кім құқығын кім қорғайды?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 18.October.2023, 10:44

Құрметті Қымбат! Сіздің сұрағыңызды қарастырып, келесіні хабарлаймыз. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 8) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметшінің жеке басының қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзiне әдiл және құрметпен қарым-қатынас жасалуына құқықтары бар. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ережеге сәйкес Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда, оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды.