«Ветеринария саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы»

«Ветеринария саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 19.10.2023, 10:00
  • 19.10.2023, 17:00

Жамитова Акниет 19.10.2023, 10:48, Сұрақ нөмірі: 12322

  • 0

Бұқаралық ақпарат құралдарынан байқағанымыздай кейбір облыстарда мал шығыны болып жатыр. Біздің аймақта мұндай жағдайлар тіркелген жоқ па? Осы аурулардың алдын алуда қандай жұмыстар атқарылуда?

Қызылорда облысы 19.October.2023, 11:01

Қайырлы күн, сұрағыңызға рақмет! Үстіміздегі жылы, облыс көлемінде ауыл шаруашылығы жануарлары арасында ауру ошақтарын болдырмау, алдын алу, эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау мақсатында аса қауіпті 14 түрлі жұқпалы ауруларға республикалық бюджет есебінен бөлінген ветеринариялық препараттар облысқа тасымалданып жеткізілді. Қазіргі күні, бекітілген жоспарға сәйкес алдын ала егу жұмыстары жүргізілуде. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде аса қауіпті аурулар тіркелмей, тұрақты жағдай сақталып отыр.