«Ветеринария саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы»

«Ветеринария саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 19.10.2023, 10:00
  • 19.10.2023, 17:00

Кенжетай Жансая 19.10.2023, Сұрақ нөмірі: 12323

  • 0

Сәлеметсіздер ме! Мал шаруашылығымен айналысамын. Экспортқа шығаруға еш кедергі жоқ па?

Қызылорда облысы 19.10.2023

Сәлеметсіз бе! Өңірімізде сапалы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 2017 жылы берілген аусыл ауруынан вакцина қолданылатын таза аймақ мәртебесін Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы үстіміздегі жылдың наурыз айында қайта растады. Бұл аймағымыздың экспорттық әлеуетін арттыруға мол септігін тигізеді. Сонымен қатар, Оңтүстік-шығыс аймақтардан яғни, бізден жануарларды Солтүстік-батыс және Орталық облыстарға тасымалдауға рұқсат берілді.