Мемлекеттік қызмет өткеру бағытына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге қатысты мәселелер бойынша
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызмет өткеру бағытына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге қатысты мәселелер бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 19.10.2023, 15:00
- 19.10.2023, 18:00
Мырзалиева Мөлдір 19.10.2023, 15:52, Сұрақ нөмірі: 12324
Мемлекеттік қызметке биыл жоғары оқу орындарын бітірген түлектерге кіруге мүмкіндіктер бар ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 19.October.2023, 15:54
Қайырлы күн, сұрағыңызға рақмет. Ағымдағы жылы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде білім беру ұйымдарында уәкілетті орган белгілеген мәннен (GPA 3,33) төмен емес оқу нәтижесімен оқуын бітірген адамдар осы оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде конкурс өткізілместен «Б» корпусының аудандық, ауылдық деңгейдегі мемлекеттік органдардың төменгі және басшылық емес лауазымдарына мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналаса алады. Сонымен қатар, барлық азаматтарға ортақ конкурс рәсімдеріне қатысу арқылы орналасуға құқықтары бар.