Мемлекеттік қызмет өткеру бағытына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге қатысты мәселелер бойынша

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызмет өткеру бағытына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге қатысты мәселелер бойынша сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 2
  • Жауаптар: 2
  • 19.10.2023, 15:00
  • 19.10.2023, 18:00

Ыдырысұлы Елбасы 19.10.2023, 15:55, Сұрақ нөмірі: 12325

  • 0

Менің бір танысым 2023 жылы қыркүйек айының 25-нен бастап негізгі қызметкердің өз лауазымына түсуіне байланысты мемлекеттік қызметтен босатылған едім, енді қанша уақытта тестілеуден өтпестен мемлекеттік қызметке бос лауазымдрға конкурстарға қатыса алады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 19.October.2023, 15:59

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 27-бабы 8-тармағына сәйкес, теріс себептермен немесе олардың қызметін бағалау, сынақ мерзімінің не аттестаттау қорытындыларының нәтижелері бойынша қызметтен шығарылғандарды қоспағанда, адам мемлекеттік қызметтен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер ол өзге жеке және мемлекеттік органдар болып табылмайтын заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерге шықпаған жағдайда, тестілеуден өтпестен, конкурс қорытындысы бойынша "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға және (немесе) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсқа және сайлауға қатысуға құқылы. Бұл жағдайларда осы адамға міндетті арнайы тексеруден өту және активтері мен міндеттемелері туралы декларация тапсыру туралы талаптар қолданылмайды. Бұл ретте ішкі конкурсқа қызметшілері осы мемлекеттік органның ішкі конкурсына қатысуға құқылы мемлекеттік органдардан қызметтен шығарылған адам ғана қатысуға құқылы.