«Ветеринария саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы»

«Ветеринария саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 19.10.2023, 10:00
  • 19.10.2023, 17:00

Жалғасұлы Тоғысқан 19.10.2023, 16:29, Сұрақ нөмірі: 12326

  • 0

Малымыз ауырған жағдайда қайда барамыз. Кімнен көмек сұраймыз. Қандай ауруларға ектіруіміз керек?

Қызылорда облысы 19.October.2023, 16:40

Қазіргі күні, облыс бойынша құрылған 8 «Ветстанция», 139 ветеринариялық пункттер барлық ветеринариялық іс-шараларды жүргізіп келеді. Үстіміздегі жылы, республикалық бюджет есебінен 14 түрлі (құтыру, аусыл, лептоспироз, листериоз, пастереллез, сібір жарасы, нодулярлы дерматит, эхинококкоз, күл, қарасан, оба, туберкулез, вирусты диарея, құс тұмауы) аса қауіпті жұқпалы және облыстық бюджет есебінен 6 түрлі (тейлериоз, пироплазмоз, фасциолез, сақау, гастрофилез, трипанасомоз) энзоотиялық ауруларға қарсы алдын ала егу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар тегін жүргізіледі. Малыңыз ауырса, әдеттен тыс мiнез көрсетсе жергілікті ветеринариялық пункттерге хабарлауыңыз қажет.