Жетісу облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық-шаруашылық басқармасы
Абоненттерді газға қосу жөніндегі қызметтер (жобалау және құрылыс-монтаждау жұмыстары) бәсекелестік ортаға жатады және «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережесіне сәйкес реттеліп көрсетілетін қызмет болып табылмайды, яғни осы қызметтердің құны нарықпен реттеледі.
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 23.10.2023, 10:00
- 23.10.2023, 15:00
Маханова Томирис 23.10.2023, 11:44, Сұрақ нөмірі: 12327
Ескелді ауданы, Шымыр ауылына қашан табиғи газ беріледі?
Жетісу облысы 23.October.2023, 11:54
Ескелді ауданында 33 елді мекенінің 21 елді мекені (41 101 адам) газдандыруға жатады, 4 елді мекен газдандырылды (Қарабұлақ, Орқұсақ, Екпінді, Сырымбет), 14,4 мың адам газға қол жеткізді (35%). Шымыр ауылы бойынша жергілікті бюджеттен 1,0 млн теңге беріліп конкурстық рәсімдер аяқталды, қыркүйек айында құрылыс-монтаж жұмыстарына келісім-шарт жасалынды (жалпы сомасы 541,9 млн теңге). Құрылысқа кажетті қалған 433,5 млн теңге қаражаттың бөлінуі мақсатында Энергетика министрлігіне өтінім жолданды. Мердігер ұйыммен келісім шарт жасалды (ТОО «Алматы Production Construction & Invest»).