Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидалары туралы
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларына байланысты сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 26.10.2023, 16:00
- 26.10.2023, 18:00
Алсейтова Сара 26.10.2023, 17:11, Сұрақ нөмірі: 12364
Уәкілетті адам Комиссияның тәртіптік жаза қолдану туралы ұсынымы негізінде қандай шешiмдер қабылдайды?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 26.October.2023, 17:15
Қайырлы күн, Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 72-тармағына сәйкес, Уәкілетті адам Комиссияның тәртіптік жаза қолдану туралы ұсынымы келіп түскен күннен бастап жазаны қолдану мерзімдерінің шегінде, бес жұмыс күні ішінде мынадай шешiмдердің бірін қабылдайды: 1) тиiстi тәртіптік жазаны қолданады; 2) тәртіптік жазаны қолдану мерзімдерінің шегінде қосымша қызметтік тергеп-тексеруді тағайындайды және материалдарды қосымша қызметтiк тергеп-тексеруге жiбередi; 3) тәртіптік жазаны қолданбайды.