Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидалары туралы
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларына байланысты сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 26.10.2023, 16:00
- 26.10.2023, 18:00
Адыр Үлжан 26.10.2023, 17:40, Сұрақ нөмірі: 12366
Саламатсыз ба? Қызметтiк тергеп-тексерулер қандай жағдайларда тоқтатыла тұрады?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 26.October.2023, 17:42
Саламатсыз ба? Рахмет сұрағыңызға. Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 53-тармағына сәйкес, қызметтiк тергеп-тексерулер: 1) мемлекеттiк әкімшілік қызметшi еңбекке уақытша жарамсыз болған; 2) мемлекеттік әкімшілік қызметші демалыста немесе iссапарда болған; 3) мемлекеттік әкімшілік қызметші мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттердi орындаған уақытта оны өз лауазымдық міндеттерін орындаудан босатқан; 4) мемлекеттік әкімшілік қызметші даярлауда, қайта даярлауда, біліктілігін арттыру курстарында және тағылымдамада болған; 5) мемлекеттік әкімшілік қызметшінің тәртіптік теріс қылық жасағаны туралы мемлекеттік органдардың актілеріне ол сот тәртібімен шағым жасаған кезеңде, сондай-ақ қызметтік тергеп-тексеруді тағайындауға негіз болып табылатын мәселе сот тәртібімен қаралған жағдайларда; 6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес енгізілген төтенше жағдай ретінде түсінілетін еңсерілмейтін күш әсер еткен; 7) қызметтік тергеп-тексерулерді жүзеге асыруға қажетті материалдар мен ақпарат беру туралы сұрау салу мемлекеттік органдарға, лауазымды адамдарға және өзге де субъектілерге жіберілген кезеңде тоқтатыла тұрады.