Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерімен ынтымақтастық мәселелері туралы
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерімен ынтымақтастық мәселелері туралы
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 31.10.2023, 09:00
- 31.10.2023
Несипкали Тимур 31.10.2023, 10:29, Сұрақ нөмірі: 12368
Қазақстанның Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аясындағы ынтымақтастығының басымдықтары қандай?
ҚР Сыртқы істер министрлігі 31.October.2023, 10:31
Сұрағыңызға рахмет. 2020-2030 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Сыртқы саясаты тұжырымдамасына сәйкес Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) қатысушы мемлекеттермен көпжақты өзара іс-қимылды дамыту Қазақстанның өңірлік және көпжақты дипломатия салаларындағы басым бағыттарының бірі болып табылады. Бұл өзара іс-қимыл саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы, сондай-ақ қауіпсіздік және жаңа қауіп-қатерлерге қарсы тұру саласындағы көпжақты диалогты нығайтуға бағытталған. Қазақстан парламенттік дипломатияны күшейтуге баса назар аударады. Бұл Достастық алдында тұрған кең ауқымды міндеттерді шешуде ТМД Парламентаралық Ассамблеясының рөлін арттыруға қатысты болмақ.