Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау
Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 31.10.2023, 10:00
- 31.10.2023, 15:00
Шуанов Максат 31.10.2023, 11:35, Сұрақ нөмірі: 12370
Біздің жұмыста әдеп жөніндегі уәкіл отбасылық жағдайына байланысты басқа қалаға көшіп бара жатыр. Енді ол кісінің орнына мен әдеп жөніндегі уәкіл бола аламын ба?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 31.10.2023
ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіне сәйкес, Әдеп жөніндегі уәкіл дербес лауазымы аумақтық бөлімшелері не ведомстволарының аумақтық бөлімшелері, шет елдегі мекемелері бар орталық мемлекеттік органдарда (құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігін қоспағанда), сондай-ақ облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің аппараттарында енгізіледі. Аумақтық бөлімшелері не ведомстволарының аумақтық бөлімшелері жоқ мемлекеттік органдарда (құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігін қоспағанда), орталық мемлекеттік органдардың ведомстволарында және аумақтық бөлімшелерінде, орталық мемлекеттік органдар ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінде, шет елдегі мекемелерде, тексеру комиссияларында, облыстық маңызы бар қалалар, аудандар, қалалардағы аудандар әкімдерінің аппараттарында әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары әкімнің кеңесшісіне не мемлекеттік органның бірінші басшысының кеңесшісіне жүктеледі. Кеңесші лауазымы болмаған кезде әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары жоғарыда көрсетілген мемлекеттік органдардың өзге қызметшілеріне жүктеледі. Әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары ұжымда қадірлі және құрметке ие болған мемлекеттік қызметшіге жүктеледі.