Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау

Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 31.10.2023, 10:00
  • 31.10.2023, 15:00

Тасымов Айбат 31.10.2023, 11:41, Сұрақ нөмірі: 12371

  • 0

Сәлеметсіздер ме? Менің сұрағым бар еді. Мен мемлекеттік қызметте жұмыс істеп жатқаныма 1 жылдан асты, енді басқа мемлекеттік органға ауысуды жоспарлап отырмын. Ішкі конкурс бойынша ауыса аламын ба?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 31.10.2023

Сәлеметсіз бе. ҚР Мемлекеттік қызметі туралы заңнының 29-бабына сәйкес «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына, төменгіні қоспағанда, орналасу үшін мемлекеттік орган ішкі конкурс өткізеді, оған осы мемлекеттік органның, оның ведомстволарының, аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері, сондай-ақ осы Заңда және Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің құқықтық негіздерін, сондай-ақ жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайтын заңда айқындалған өзге адамдар да қатысуға құқылы. Жергілікті атқарушы орган және (немесе) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган өткізетін ішкі конкурсқа осы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың барлық жергілікті атқарушы органдарының және (немесе) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері де қатысуға құқылы.