Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау

Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 31.10.2023, 10:00
  • 31.10.2023, 15:00

КАДЫРОВА ПЕРИЗАТ 31.10.2023, 14:57, Сұрақ нөмірі: 12374

  • 0

Сәлеметсізбе, бөлім басшысы мемлекеттік қызметке кір келтірген тәртіптік теріс қылықтар жасаған уақытта тәртіптік жауаптылығын кім қарайды сол мемлекеттік органнның тәртіптік комиссиясы немесе әдеп жөніңдегі кеңес

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 31.October.2023, 15:03

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығының Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тәртіптік жауаптылығы туралы ереженің 25-тармағына сәйкес қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол берген, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған С-О-1, С-О-2, C-R-1, C-R-2, D-1, D-2, D-О-1, D-O-2, D-R-1, D-R-2, Е-1, Е-2, E-R-1, E-R-2 санаттарындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің, сондай-ақ облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің аппараттарында дербес лауазымдағы әдеп жөніндегі уәкілдердің тәртіптік жауаптылығын мемлекеттік қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестері (бұдан әрі – Әдеп жөніндегі кеңес) қарайды.