Мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамадан өтуі

Азаматтар мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамадан өтуіне қатысты сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 1
  • Жауаптар: 1
  • 03.11.2023
  • 03.11.2023, 18:00

Түсіпов Медғат 03.11.2023, 17:05, Сұрақ нөмірі: 12380

  • 0

Тағылымдамадан өтетін қызметші басқа жұмысқа ауысып кеткен жағдайда, тағылымдама жоспары өзгертіледі ме?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 03.November.2023, 17:18

«Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тағылымдама қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 20 қаңтардағы № 12 бұйрығының 2-тарауының 12-тармағына сәйкес, қызметшінің басқа лауазымдарға тағайындалуына, жұмыстан босатылуына, уақытша еңбекке жарамсыздығына байланысты, әлеуметтік немесе еңбек демалысында, іссапарда болуына, іссапарға баруына немесе оны қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберілуіне байланысты жұмыста болмаған жағдайда тағылымдама жоспарын әзірлеген адам тағылымдама жоспарына өзгерістер (ауыстырылатын қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және оның лауазымы бөлігінде) енгізе отырып және қабылдаушы тарапты хабарлай отырып, қызметшіні өзіне бағынысты басқа қызметкерге ауыстыруды жүзеге асырады. Ауыстыруға кандидат болмаған жағдайда тағылымдама жоспары қабылдаушы тарапты хабардар ете отырып жойылады.