«Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің сақталу сұрақтары»
Интернет-конференция барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысы Ә.А.Көмекбаев мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау сұрақтарына жауап береді.
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 2
- 09.11.2023, 09:00
- 09.11.2023, 18:00
Ембергенова Гульмира 09.11.2023, 10:58, Сұрақ нөмірі: 12388
Мемлекеттік қызметшіге қатысты қызметтік тергеп-тексеру қандай жағдайда жүргізіледі?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 09.November.2023, 11:06
ҚР Президентінің 29.12.2015ж. №152 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану туралы қағидаларына (бұдан әрі – Қағида) сәйкес, қызметшіге қатысты қызметтік тергеп-тексеру екі жағдайда жүргізіледі: 1. Қағиданың 35-тармағына сәйкес, егер мемлекеттік әкімшілік қызметшi өзiнiң жазбаша түсiнiктемесiнде терiс қылық жасау фактісімен келiспесе, онда осы Қағидаларда айқындалған тәртiпке сәйкес қызметтiк тергеп-тексеру жүргiзiлуі тиiс. 2. Қағиданың 37-тармағына сәйкес, «жасағаны үшін лауазымын төмендету», «қызметiне толық сәйкес еместiгi туралы ескерту» және «атқаратын лауазымынан босату» түрiнде тәртіптік жазалар қолданылуы мүмкін тәртіптік теріс қылықтар бойынша қызметтiк тергеп-тексеру жүргізу міндетті.