Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жұмысының негізгі бағыттары

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 1
  • Жауаптар: 1
  • 09.11.2023, 10:00
  • 09.11.2023, 17:00

Шарнаев Марат 09.11.2023, 11:43, Сұрақ нөмірі: 12389

  • 0

Сәлеметсізбе, менің ұлымның білімі жоғары, инженер. Тек жас кезінде бір төбелеске ұшырап 3 жылға сотты болған. Айтыңызшы, мемлекеттік қызметке кіру оған бола ма, әлде шектеулер бар ма?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 09.November.2023, 11:51

Құрметті Марат Шарнаев, Мемлекеттік қызмет туралы Заңның 16 бабында мемлекеттік қызметке кіру мәселесіне қатысты шектеулер қарастырылған. Дегенмен, әр жағдай жеке қарастырылады, мысалы егер мемлекеттік қызметке кiрер алдындағы үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған немесе қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар жасағаны үшін өзіне қатысты қылмыстық жауаптылықтан босатылған болса, мемлекеттік қызметке кіре алмайды. Осы мәселеге қатысты Сіз біздің Департаментке сұрау салып, қойылған сұрақтарға нақты жауап алаласыз.