«Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің сақталу сұрақтары»
Интернет-конференция барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысы Ә.А.Көмекбаев мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау сұрақтарына жауап береді.
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 2
- 09.11.2023, 09:00
- 09.11.2023, 18:00
Балыкбаева Алия 09.11.2023, 16:39, Сұрақ нөмірі: 12390
Сәлеметсіз бе! Мемлекеттік қызметтен бос уақытта, яғни сенбі күндері колледжде қосымша сабак беріп, жұмыс істеуге болады ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 09.November.2023, 16:53
Қайырлы күн! «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 13-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, мемлекеттік қызметшілерге педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметпен айналысуға рұқсат беріледі. Осылайша, Сіз негізгі жұмысыңыздан бос уақытта педагогтiк қызметпен айналысуға құқығыңыз бар.