Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты сұрақтар бойынша

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 10.11.2023, 11:00
  • 10.11.2023, 18:00

Жарқынбекова Гүлжазира 10.11.2023, 16:19, Сұрақ нөмірі: 12394

  • 0

Сәлеметсіз бе, баламды қалай кезекке қоя аламын?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 10.November.2023, 16:38

Сәлеметсіз бе, сұрағыңызға рақмет! Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 254 бұйрығымен бекітілген) 2-қосымшасының 2-тармағына сәйкес «Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі балаларды (6 жасқа дейін) кезекке қою» мемлекеттік қызметі бойынша өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы; 3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www. egov. kz арқылы жүзеге асырылады.