Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты сұрақтар бойынша
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 10.11.2023, 11:00
- 10.11.2023, 18:00
Біргебай Мұхамедқали 10.11.2023, 17:02, Сұрақ нөмірі: 12396
Сәлеметсіз бе! Емханаға қалай тіркелуге болады?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 10.November.2023, 17:07
Сәлеметсіз бе, сұрағыңызға рақмет! Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидаларының (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-194/2020 бұйрығымен бекітілген) 1-қосымшасы 2-тармағына сәйкес «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту» мемлекеттік қызметін тікелей медициналық-санитариялық алғашқы ұйымы арқылы немесе «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы алуға болады.