«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің әдеп жөніндегі кеңестерінің қызметі»
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар Әдеп жөніндегі кеңестердің мәртебесі, өкілеттіктері және қызметі туралы сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 17
- Жауаптар: 17
- 14.11.2023, 10:00
- 14.11.2023, 13:00
Абдразахов Абдигали 14.11.2023, 10:14, Сұрақ нөмірі: 12400
Менің біліуімше әдеп жөніндегі кеңестің отырыстарында мемлекеттік қызметшілерге қатысты тәртіптік істер қаралады.
Осы істерді қараудан бөлек, кеңес қаңдай мәселелерді қарастыруға құқылы?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 14.November.2023, 16:10
Сәлеметсіз бе! Әдеп жөніндегі кеңес негізгі міндеттеріне сәйкес келесі функцияларды жүзеге асырады, атап айтқанда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау қорытындыларын қарау, мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасы бойынша жұмысының қорытындыларын қарау, қызметтік әдептің сақталуын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асыру кезіндегі әдеп жөніндегі уәкілдер қызметінің нәтижелерін қарау, тәртіптік практиканы талдау қорытындылары негізінде мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының жұмыс нәтижелерін қарау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу нысандары мен әдістерін жетілдіру мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу.