«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің әдеп жөніндегі кеңестерінің қызметі»

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар Әдеп жөніндегі кеңестердің мәртебесі, өкілеттіктері және қызметі туралы сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 17
  • Жауаптар: 17
  • 14.11.2023, 10:00
  • 14.11.2023, 13:00

Майбасов Алимбай 14.11.2023, 10:18, Сұрақ нөмірі: 12403

  • 0

Әдеп жөніндегі кеңес барлық мемлекеттік қызметшілерге қатысты тәртіптік істерді қарай ма?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 14.November.2023, 16:12

Сәлеметсіз бе! Әдеп жөніндегі кеңес қызметтік әдеп нормаларын бұзуға, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жол берген С-О-1, С-О-2, С-R-1, С-R-2, D-1, D-2, D-О-1, D-О-2, Е-1, Е-2, Е-R-1, Е-R-2 санаттарындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге, сондай-ақ облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің аппараттарында дербес лауазымға орналасқан әдеп жөніндегі уәкілдерге қатысты тәртіптік істерді қарайды.