«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің әдеп жөніндегі кеңестерінің қызметі»
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар Әдеп жөніндегі кеңестердің мәртебесі, өкілеттіктері және қызметі туралы сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 17
- Жауаптар: 17
- 14.11.2023, 10:00
- 14.11.2023, 13:00
Куатова Гульжан 14.11.2023, Сұрақ нөмірі: 12413
Әдеп жөніндегі кеңес барлық мемлекеттік қызметшілерге қатысты тәртіптік істерді қарай ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 14.November.2023, 16:16
Сәлеметсіз бе! Әдеп жөніндегі кеңес қызметтік әдеп нормаларын бұзуға, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жол берген С-О-1, С-О-2, С-R-1, С-R-2, D-1, D-2, D-О-1, D-О-2, Е-1, Е-2, Е-R-1, Е-R-2 санаттарындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге, сондай-ақ облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің аппараттарында дербес лауазымға орналасқан әдеп жөніндегі уәкілдерге қатысты тәртіптік істерді қарайды.