Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау

Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 15.11.2023, 10:00
  • 15.11.2023, 15:00

Балмаганбетова Жансая 15.11.2023, 14:44, Сұрақ нөмірі: 12415

  • 0

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі 5-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Клиентке бағдарлану қағидаты нені білдіреді?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 15.November.2023, 14:54

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің 5-тармағының 6) тармақшасына сәйкес клиентке бағдарлану – мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұраныстарына толықтай бағдарлай отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және жолданымдарды қарау кезiнде төрешiлдiк көрiнiстерiне және әуре-сарсаңға салуға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау болып табылады.