Тәртіптік теріс қылықтар және жазалар

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар Тәртіптік теріс қылықтар және жазалар бойынша сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 16.11.2023, 10:00
  • 16.11.2023

Мусрепов Абдихадир 16.11.2023, 10:20, Сұрақ нөмірі: 12417

  • 0

Елеусіз теріс қылық дегеніміз не?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 16.November.2023, 11:07

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану Қағидаларының 27-тармағының 2-бөлігіне сәйкес тәртіптік жазасы жоқ мемлекеттік әкімшілік қызметші жасаған немесе бұрын қолданылған жаза алып тасталғаннан кейін жасаған теріс қылық елеусіз теріс қылық болып табылады.