«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бақылау»

Интернет-конференция барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы А.А.Көмекбаев мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бақылау туралы сұрақтарға жауап береді.

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 16.11.2023, 09:00
  • 16.11.2023, 18:00

Коспанова Динара 16.11.2023, 10:38, Сұрақ нөмірі: 12418

  • 0

Сәлеметсіз бе! Әкемнің телефонына ЭЦП мерзімі аяқталуға жақын деген хабарлама келген екен. Енді ЦОНға барып , қайтадан ЭЦП алу қажеттілігі бар ма? Әкем аудан орталығынан алыстау тұратын еді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 16.November.2023, 10:53

Салеметсіз бе! ЭЦҚ мерзімі аяқталып жатса ХҚКО бару арқылы жаңа ЭЦҚ алудың қажеттілігі жоқ. egov.kz немесе pki.gov.kz сайты арқылы ЭЦҚ мерзімін 1 жылға ұзарта аласыз. Ол үшін ЭЦҚ кілттерімен жұмыс жасау үшін «Менің ЭЦҚ кілттерім» бөліміне көшіңіз, ашылған мәзірден «ЭЦҚ кілттерін қайта шығару» тармағын таңдаңыз.Негізгі жолдарды толтырып, «Өтінім беру» батырмасын басыңыз, растаңыз және оған қол қойыңыз. ЭЦҚ-ны сақтау жолын таңдаңыз, одан кейін «Сертификаттарды жүктеу» батырмасын басыңыз.