«Халықты жұмыспен қамту саласындағы жаңа тәсілдер»
«Халықты жұмыспен қамту саласындағы жаңа тәсілдер» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 16.11.2023, 10:00
- 16.11.2023, 17:00
Қоңыратбаев Нұрбақыт 16.11.2023, 11:01, Сұрақ нөмірі: 12422
Қайырлы күн!
Менің осы ұлттық жоба шеңберінде оңтүстік өңірлерден солтүстік өңірге қоныс аударғым келеді. Негізінен қандай облыстарға қоныс аударуға болады және қаржылық қолдау, барған жерімде пәтермен қамтамасыз етілемін ба?
Қызылорда облысы 16.November.2023, 11:16
Сәлеметсіз бе! Бағдарлама шеңберінде биылғы жылы Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай және Ұлытау, Абай облыстары қоныс аудару облыстарының қатарына енгізілді. Негізінен жаңа тұрғылықты жері бойынша қоныс аударушыларға материалдық көмек беру, бағдарламаға қатысушыларға және олардың отбасы мүшелеріне, отбасы жағдайына қарамастан жалғызбасты адамдарға көшуге материалдық көмек-отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір реттік төлем, сонымен қатар,тұрғын үйді жалдау және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеу көзделген. Сонымен қатар, қоныс аударушыларға берілетін көмек көлемі ауылдық немесе қалалық жерге көшкеніне байланысты әр түрлі мөлшерде төленеді. Жыл сайын қабылдаушы облыстар тарапынан аймағымызда көшпелі бос жұмыс орындар жәрмеңкесі дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Биылғы жылы да сәуір айының 19-21 аралығында Солтүстік өңірлерден жұмыс берушілердің қатысуымен «Солтүстік өңірлердің жәрмеңкесі» атты кездесулер өткізіледі. Жәрмеңкеде 3000-ға жуық экономиканың әртүрлі салалары бойынша бос жұмыс орындары ұсынылып отыр: Олар негізінен басым бағытта ауыл шаруашылығы, білім, денсаулық, зоотехник, механизатор, техника қауіпсіздігінің инженері, инженер-механик, көмір және цемент зауытының машинисті, электргазбен дәнекерлеуші, орау машинасының операторы, Ағаш және жиһаз өндірісінің шебері оқытушы, құрылыс және монтаждау жұмыстарының шебері, Кең профилді станокшы, техник, аспазшы, жүргізуші, автоэлектрик, дәнекерлеуші, іс жүргізуші, аудармашы, бухгалтер, еден жуушы, ветеринарлық санитары және т. б. Негізінен жоба өз нәтижесін беруде ағымдағы жылдың өзінде Солтүстік өңірлерге 117 отбасы құрамында 425 мүшесіменқоныс аударды. Қазіргі уақытта жұмысқа жарамды отбасы мүшелерінің 139-ы тұрақты жұмысқа орналасты, 7-уі кәсіпкерлік қызметпен айналысуға мүмкіндік алды. 86 отбасыға материалдық көмек көрсетілді, 18 отбасыға коммуналдық қызметтерін төлеу шығындары өтелді. Өз өтініштері негізінде 10 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді.