«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бақылау»

Интернет-конференция барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы А.А.Көмекбаев мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бақылау туралы сұрақтарға жауап береді.

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 16.11.2023, 09:00
  • 16.11.2023, 18:00

Адыр Үлжан 16.11.2023, 11:45, Сұрақ нөмірі: 12423

  • 0

Саламатсызба! Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау қалай рәсімделеді?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 16.November.2023, 17:42

Құрметті Адыр Үлжан! Қайырлы күн, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау» мемлекеттік қызметі ҚР Әлеуметтік кодексіне, ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына, Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларына сәйкес (Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2023 жылғы 21 маусымдағы № 227 бұйрығымен бекітілген) көрсетіледі. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алу үшін Сіз «egov» электрондық порталы немесе Астана қаласының жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының Мансап орталығы (Бейбітшілік, 9) немесе «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы (Бейбітшілік, 14) арқылы келесі тізбеден Сіздің жағдайыңызға тиесілі тиісті құжаттармен жүгіне аласыз: - мансап орталығы арқылы жүгінген жағдайда: 1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын, оның ішінде цифрлық құжаттар сервисінен (жеке басын сәйкестендіру үшін); 2) қандас мәртебесі туралы; 3) босқын мәртебесі туралы; 4) шетелдік мәртебесі туралы; 5) азаматтығы жоқ адам мәртебесі туралы; 6) отбасының әрбір мүшесіне тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы; 7) жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік деректемелер туралы; 8) мүгедектікті белгілеу туралы; 9) баланың (барлық балаларға) тууын (қайтыс болуын) тіркеу туралы; 10) қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы; 11) бала асырап алу туралы; 12) некені (ерлі-зайыптылықты) Қазақстан Республикасынан тыс жерде тіркеу жағдайларын қоспағанда, неке (ерлі-зайыптылықты) қиюды (некені бұзуды) тіркеу туралы; 13) егер он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейінгі асырауындағылар күндізгі оқу нысанының білім алушылары болып табылса - оқу орнында оқу фактісі туралы; 14) табыс туралы (жалақы, әлеуметтік төлемдер, кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстар, жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүлікті жалға беруден, жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүлікті сатудан түскен табыстар); 15) дара кәсіпкердің мәртебесі туралы; 16) өтініш берушіде және оның отбасы мүшелерінде атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, төлеу немесе тағайындауға өтініш беру фактісінің болуы туралы; 17) жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы; 18) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін еңбек қызметі туралы (бар болса); 19) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының (бар болса) болуы туралы; 20) атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінер алдындағы үш ай қатарынан алимент туралы және (немесе) ол бойынша берешектің болуы туралы; 21) өтініш берушінің отбасы мүшелерінің бас бостандығынан айыру немесе мәжбүрлеп емдеу орындарында болуы туралы; 22) меншігінде тұрғын үй, үй-жайдың болуы туралы; 23) меншігінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскесінің болуы туралы; 24) меншігінде автокөлік құралының болуы туралы мәліметтер алу үшін "электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелеріне салуды қалыптастырады. - портал арқылы: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық үкімет порталы арқылы атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш; көрсетілетін қызметті алушы мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттың, қандастың мәртебесі туралы, босқын мәртебесі туралы, шетелдіктің мәртебесі туралы, азаматтығы жоқ адамның мәртебесі туралы, отбасының әрбір мүшесіне тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мәліметтер; жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік деректемелері туралы; мүгедектікті белгілеу туралы; баланың (барлық балаларға) тууын (қайтыс болуын) тіркеу туралы; қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы; бала асырап алу туралы; некені (ерлі-зайыптылықты) одан тыс жерлерде тіркеу жағдайларын қоспағанда, неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу туралы; егер он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейінгі асырауындағылар күндізгі оқу нысанының білім алушылары болып табылса – оқу орнында оқу фактісі туралы; табыстар туралы (жалақы, әлеуметтік төлемдер, кәсіпкерлік қызметтен, жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүлікті жалға беруден, жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүлікті сатудан түскен табыстар), дара кәсіпкердің мәртебесі туралы, өтініш берушіде және оның отбасы мүшелерінде атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, төлеу немесе тағайындауға өтініш беру фактісінің болуы туралы әлеуметтік көмек, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін жеке қосалқы шаруашылығының болуы туралы, еңбек қызметі (бар болса) туралы; жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының (бар болса) болуы туралы; алименттер және (немесе) оларды алмастыратын адамдар туралы атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы үш ай қатарынан олар бойынша берешектің болуы туралы; өтініш берушінің отбасы мүшелерінің бас бостандығынан айыру немесе мәжбүрлеп емдеу орындарында болуы туралы; меншігінде тұрғын үйдің, үй-жайлардың болуы туралы, меншігінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскесінің болуы туралы, меншігінде көлік құралының болуы туралы көрсетілетін қызметті алушы "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. Көрсетілетін қызметті берушілер іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттарды цифрлық құжаттар сервисінен порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланыс абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, бір реттік парольді беру арқылы немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға қатысты барлық туындаған сұрақтар бойынша «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы (Бейбітшілік, 14) немесе 24 96 64, 24 96 34 Сall center байланыс телефоны арқылы біле аласыз. Сонымен қатар, егер, Сізге аталған мемлекеттік қызмет сапасыз көрсетілсе немесе негізсіз бас тартылған жағдайда, Сіз ҚР Мемлекеттік кызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментіне электронды түрде «e-otinish» платформасы, «электрондық үкімет» порталы арқылы немесе Сарыарқа даңғ., 13 мекенжайы бойынша жазбаша түрде жүгіне аласыз.