«Халықты жұмыспен қамту саласындағы жаңа тәсілдер»
«Халықты жұмыспен қамту саласындағы жаңа тәсілдер» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 16.11.2023, 10:00
- 16.11.2023, 17:00
Қайып Сандуғаш 16.11.2023, 11:57, Сұрақ нөмірі: 12424
Өңірімізде жұмыспен қамту бағытында қандай шаралар атқарылуда?
Қызылорда облысы 16.11.2023
Қайырлы күн! Негізінен жұмыспен қамтудың негізгі бағыттарын қамтитын ағымдағы жылға «Өңірлік жұмыспен қамтудың жол картасы» бекітілген болатын. Картаға сәйкес 43898 мың жұмыс орнын құру көзделген. Есепті кезеңде мақсатты бағытталған белсенді жұмыстардың нәтижесінде жоспарымыздың 94,1 пайызын немесе 41318 жұмыс орнын аштық. Өңірлік жол картасы шеңберінде ашылған жұмыс орындарының 73,1 пайызы немесе 30188 жаңадан ашылған жұмыс орындарына тиесілі. Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап жаңадан «Әлеуметтік кодекс» қабылданып күшіне енуіне байланысты бұрыңғы жұмыспен қамту орталықтары қайта трансформацияланып облыстық деңгейде Еңбек мобильділігі және аудан, қалада Мансап орталықтары филиалдарымен құрылды. Осы орталықтармен жүйелі түрде жыл басынан бері 73 рет бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі тұрақты түрде өткізіліп, жұмыс іздеушілермен нәтижелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Бұған қоса, үйден шықпай жұмыс іздеу үшін enbek.kz электронды еңбек биржасы және белсенді ұялы телефон ұстаушылар үшін осы биржаның мобильдік қосымшасы жұмыс істеуде. Сонымен қатар, tanda.enbek.kz интернет платформасында алдын ала бекітілген кестеге сәйкес онлайн форматта бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізу бастау алды. Алғашқы жәрмеңкесі де өткізіліп, халық арасында оң бағаға ие болуда.