«Халықты жұмыспен қамту саласындағы жаңа тәсілдер»
«Халықты жұмыспен қамту саласындағы жаңа тәсілдер» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 16.11.2023, 10:00
- 16.11.2023, 17:00
Қуаныш Жомарт 16.11.2023, Сұрақ нөмірі: 12426
Өткен жылы Президентіміз жастарды жұмыспен қамтудың бір құралы ретінде кәсіпкерлік қабілеттерін дамыту үшін жеңілдетілген несие беру жөнінде тапсырма берген болатын. Осы тапсырма аймағымызда қалай жүруде?
Қызылорда облысы 16.November.2023, 13:29
Жастардың кәсіпкерлік бастамасын қолдауға берілетін несиелендіруді жүзеге асыруға 2023 жылы 257 адамға 1,3 млрд. теңге берілген болатын, одан кейін жастардың арасында аталған несиеге шамадан тыс сұранысының артуына байланысты республикалық бюджеттен қосымша 200 адамға 1 млрд.теңге қаржы сұратылып, жалпы алғанда 457 жастарымыздың жобасына 2,3 млрд.теңге бағытталды. Бүгінгі күні 504 жас кәсіпкер 2,3 млрд. теңге көлемінде бизнес жобаларды іріктеу жөніндегі комиссияның оң қорытындысын алып, оның ішінде 396 жас кәсіпкер 1 млрд. 749,9 млн. теңгеге қаржыландырылып, өз кәсіптерін бастап кетті. Қолдау тапқан жобалардың басым бөлігі мал шаруашылығы, қызмет көрсету және өндіріске бағытталған.