«Халықты жұмыспен қамту саласындағы жаңа тәсілдер»

«Халықты жұмыспен қамту саласындағы жаңа тәсілдер» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 16.11.2023, 10:00
  • 16.11.2023, 17:00

Шәкімардан Назерке 16.11.2023, 15:12, Сұрақ нөмірі: 12427

  • 0

Қазіргі уақытта зейнетке шығатын азаматтарымыздың басым бөлігі жұмысқа орналаса алмау салдарынан зейнетақысы төмен есептелуде. Осыған орай, жұмыспен қамту бағытында қандай жобалар жүзеге асырылуда?

Қызылорда облысы 16.November.2023, 15:39

Өткен жылдан бері «Кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы» шеңберінде зейнеталды жасындағыларды жұмыспен қамту үшін «Күміс жас» жобасы жүзеге асырылып келеді. Оған 50 жасқа толған қазақстандықтар 3 жылға дейін қатыса алады. Қолданыстағы қағидаларға сәйкес, қатысушылардың жалақысы бойынша субсидиялар мөлшері ұлғайтылды. Субсидиялар мөлшері: жұмыстың бірінші жылында жалақы мөлшерінің 70%-ын (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын), жұмыстың екінші жылында жалақы мөлшерінің 65%-ын (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын), жұмыстың үшінші жылында жалақы мөлшерінің 60%-ын (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын) құрайды. Ағымдағы жылдың өзінде 1119 облыс тұрғыны жолданып, мерзімі аяқталғаннан кейін олардың 68-і тұрақты жұмысқа орналастырылды.