«Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша»
«Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.М.Ермаханбетов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 17.11.2023, 10:00
- 17.11.2023
Нұрлыбай Серікбек 17.11.2023, 11:05, Сұрақ нөмірі: 12432
Құрметті Ерлан Мейрамханұлы, мені келесі сұрақ мазалайды. Осы аптаның басында мен машинамның мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісін жоғалтып алдым. Телнұсқасын алу үшін өтінім беріп қойдым. Алайда, қазіргі уақытта Астана қаласына іс-сапарға шығайндеп жатырмын. Телнұсқаны алып кетуге досымды жіберин деп едім. Енді менде осындай сұрақ. Мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінің телнұсқасын алуға міндетті түрде өзім бару керекпін пе?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 17.November.2023, 11:08
Қайырлы күн, сұрағыңызға рақмет! «Көлік құралдары үшін мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы №862 бұйрығымен бекітілген Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) негізінде көрсетіледі. Қағиданың 77 тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға немесе нотариаттық расталған сенімхаттың негізінде әрекет ететін оның өкіліне (жеке тұлғалар үшін нотариатты расталған) жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы бойынша беріледі