«Мемлекеттік қызметшілермен әдеп ережелерінің сақталуы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру және мемлекеттік қызметке кіру тәртібі»
«Мемлекеттік қызметшілермен әдеп ережелерінің сақталуы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру және мемлекеттік қызметке кіру тәртібі» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Т.Қ. Жұмағұлов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 17.11.2023, 11:00
- 17.11.2023, 17:00
Набиева Шынара 17.11.2023, 15:24, Сұрақ нөмірі: 12433
Қайырлы күн Тоқтамыс Қадошұлы! Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің басшы және атқарушы құрамының арақатынасын айқындау қағидаларына сәйкес қазіргі уақытта басшы лауазымдардың санын қайта қарау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Егер басшы лауазымы қысқаруына байланысты ұсынылған лауазыммен келіспеген жағдайда қандай әлеуметтік қамсыздандырулар қарастырылған?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 17.November.2023, 15:36
Қайырлы күн Набиева Шынара! Интернет-конференцияға қатысып, белсенділік танытқаныңыз үшін алғысымды білдіремін. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес штаттық өзгерістер болып, мәні бірдей лауазым болмаған жағдайда мемлекеттік әкімшілік қызметшіге ол белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін осы мемлекеттік органдағы өзге мемлекеттік лауазым ұсынылуы мүмкін. Мемлекеттік әкімшілік қызметші жұмысқа орналасудан бас тартса ол қызметтен шығарылуға жатады. Ұсынылған лауазымнан бас тартқан, кемінде үш жыл мемлекеттік қызмет өтілі бар мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге басқа мемлекеттік органның, оның ішінде жойылған (таратылған) немесе қайта ұйымдастырылған мемлекеттік органның функциялары, өкілеттіктері және (немесе) штат бірліктері берілген мемлекеттік орган төрт орташа айлық жалақысы мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысын төлейді.