«Мемлекеттік қызметшілермен әдеп ережелерінің сақталуы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру және мемлекеттік қызметке кіру тәртібі»
«Мемлекеттік қызметшілермен әдеп ережелерінің сақталуы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру және мемлекеттік қызметке кіру тәртібі» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Т.Қ. Жұмағұлов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 17.11.2023, 11:00
- 17.11.2023, 17:00
Сағындықова Бибі 17.11.2023, 15:31, Сұрақ нөмірі: 12434
Тоқтамыс Қадошұлы, саламатсызба. Мемлекеттік қызметшілерге еңбек демалысын беру, сауықтыруға арналған жәрдемақы төлеу мәселесін түсіндірсеңіз.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 17.November.2023, 15:39
Қайырлы күн Сағындықова Бибі! Интернет-конференцияға қатысып, белсенділік танытқаныңыз үшін алғысымды білдіремін. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 54-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттiк қызметшiлерге екi лауазымдық айлықақысы мөлшерiнде сауықтыру жәрдемақысы төленiп, ұзақтығы күнтiзбелiк отыз күнді құрайтын жыл сайынғы ақы төленетiн еңбек демалысы берiледi. Мемлекеттік қызметшілерге алғашқы және одан кейінгі жылдардағы жұмысы үшін жыл сайынғы ақы төленетiн еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі. Осы ретте, Еңбек кодексінің 92-бабының 2-тармағына сәйкес жұмыс жылы жұмыскердің бірінші жұмыс күнінен бастап есептелген күнтізбелік он екі айды құрайтынын атап өтеміз. Нақты ағымдағы жылы мемлекеттік қызметші жұмысқа жаңадан қабылданған болса немесе ұзақ мерзімді үзілістен кейін жұмысына қайта кіріссе жұмыс жасаған мерзім үшін екi лауазымдық айлықақы мөлшерiнде сауықтыру жәрдемақысы төленiп, ақы төленетiн еңбек демалысына шығу басшылықтың келісімі болған жағдайда мүмкін болады.