«Мемлекеттік қызметті өткеру барысындағы мәселелер туралы»

«Мемлекеттік қызметті өткеру барысындағы мәселелер туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.М. Ермаханбетов жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 24.11.2023, 15:00
  • 24.11.2023, 17:00

Нұрғалиева Лаура 24.11.2023, 15:09, Сұрақ нөмірі: 12445

  • 0

Сәлеметсіз бе? Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге қолданылатын тәртіптік жаза туралы және оларды қолдану мерзімі туралы толық мағлұмат алғым келеді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 24.November.2023, 15:31

Қайырлы күн! Қойған сұрағыңызға Департамент өз алғысын білдіреді. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның (бұдан әрі - Заң) 43-бабының 1-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызметшілер өздерінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтық-құқықтық, тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық жауаптылықта болады және осы Заңның 10-тармағына сәйкес,тәртіптік жазаны қолдану тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды. Қазақстан Республикасының Президентінің 29.12.2015 жылғы «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» №152 Жарлығымен мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану тәртібі бекітілген қағида (бұдан әрі-Қағида) негізінде жүргізіледі. Осы Қағиданың 27-тармағына сәйкес, тәртіптік терiс қылықтар мынадай түрлерге бөлiнедi:1) елеусiз; 2) елеулi; 3) өрескел. Тәртіптік жазасы жоқ мемлекеттік әкімшілік қызметшi жасаған немесе бұрын қолданылған жаза алып тасталғаннан кейін жасаған теріс қылық елеусіз теріс қылық болып табылады, ол үшін қызметшіге ескерту, сөгіс немесе қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылады. Алып тасталмаған ескерту, сөгіс немесе қатаң сөгіс түрiнде қолданылған жаза болған кезде мемлекеттік әкімшілік қызметші жасаған теріс қылық елеулі теріс қылық болып табылады, ол үшін қызметшіге қызметiне толық сәйкес еместiгi туралы ескерту немесе лауазымын төмендету түрiндегi жаза қолданылады. Бұл ретте, мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жазаларды қолдану мерзімдері Заңның 45-бабына сәйкес тәртіптік жаза теріс қылық анықталған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қолданылады және оны теріс қылық жасалған күннен бастап алты айдан кешіктіріп қолдануға болмайды. Белгiлi бiр іс-әрекеттiң бiрыңғай құрамының үздiксiз жүзеге асырылуымен сипатталатын және оны анықтаған кезде аяқталмаған құқық бұзушылық созылмалы құқық бұзушылық деп танылады. Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін осы Заңда көзделген тәртіптік жаза терiс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей қолданылады және оны терiс қылық жасалған күннен бастап бiр жылдан кешiктiрiп қолдануға болмайды. Қылмыстық қудалау органы немесе сот қылмыстық істі не әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтатқан, бірақ адамның іс-әрекеттерінде осы Заңда көзделген, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасау белгілері болған жағдайда тәртіптік жаза қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ осы теріс қылық жасалған күннен бастап бір жылдан кешіктірілмей қолданылады.