«Мемлекеттік қызметті өткеру барысындағы мәселелер туралы»
«Мемлекеттік қызметті өткеру барысындағы мәселелер туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.М. Ермаханбетов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 24.11.2023, 15:00
- 24.11.2023, 17:00
Бақтығали Мырзахан 24.11.2023, 16:00, Сұрақ нөмірі: 12447
Қайырлы күн!Мемлекеттік әкімішілік қызметшілердің іскерлік киімі қандай болу керек және оған арнайы заң барма, болса қандай?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 24.November.2023, 16:03
Қайырлы күн! Қойған сұрағыңызға Департамент өз алғысын білдіреді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (бұдан әрі – Әдеп кодекс) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттарын белгілейді және қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін және парасаттылық атмосферасын қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған. Әдеп кодексінің 7 тармағына сәйкес, мемлекеттік қызметшінің қызметтік міндеттерді орындау кезіндегі сырт келбеті мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, ресмилікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпыға бірдей қабылданған іскерлік стиліне сай болуға тиіс екендігі назарыңызға ұсынылады.