«Мемлекеттік қызметті өткеру барысындағы мәселелер туралы»
«Мемлекеттік қызметті өткеру барысындағы мәселелер туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.М. Ермаханбетов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 24.11.2023, 15:00
- 24.11.2023, 17:00
Ғапу Жанарыс 24.11.2023, 16:13, Сұрақ нөмірі: 12448
Сәлеметсіз бе? Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер қызметтік әдеп стандартын бұзса, ол қандай жауапкершілкке тартылады?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 24.November.2023, 16:16
Қайырлы күн! Қойған сұрағыңызға Департамент өз алғысын білдіреді. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң) 44-бабы 1-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызметшінің өзіне жүктелген міндеттерді құқыққа қайшы түрде, кінәлі түрде орындамауы немесе тиісінше орындамауы, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануы, қызметтік тәртіп пен қызметтік әдепті бұзуы, сол сияқты мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтамауы тәртіптік теріс қылық болып табылады. Сәйкесінше, олардың тәртіптік теріс қылық жасауы, оның ішінде қызметтік әдеп стандарттарын бұзуы тәртіптік жауаптылыққа әкеп соғады. Бұл ретте, тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін мемлекеттік қызметшілерге ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту, мемлекеттік лауазымын төмендету және атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығару түріндегі тәртіптік жазалардың бірі қолданылуы мүмкін. Осы тұста, Заңның 44-бабы 10-тармағына сәйкес тәртіптік жазалардың қолдану тәртібі Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларымен реттелгендігін назарыңызға ұсынамыз.