«Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы»
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту мәселелері және көрсетілетін мемлекеттік қызметтер және оны бақылау бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 1
- Жауаптар: 1
- 24.11.2023, 10:00
- 24.11.2023, 17:00
Доланова Ақерке 24.11.2023, 16:45, Сұрақ нөмірі: 12453
Сәлеметсіздер! Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту дегенді қалай түсінуге болады? Бұл бағытта қандай жұмыс атқарылуда?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 24.November.2023, 18:22
Сәлеметсіз бе! «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығының 14-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және оның аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту мәселелері бойынша мониторинг және талдау жүргізу бойынша жаңа функция берілген болатын. Бұл бағыттағы жұмыстар әр саладағы бюрократиялық кедергілерді, заңнамадағы кереқайшылықтарды, қызмет алушы азаматтарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Атқарылған жұмыстар туралы айтатын болсақ. Агенттікпен бекітілген кестеге сәйкес, 2023 жылдың 1 жыртыжылдығында қаржы саласында талдау жұмыстары жүргізіліп, 25-ұсыныс енгізілді. Бұдан бөлек, қаржы саласы бойынша қосымша 9 ұсыныс әзірленіп, Агенттікке қосымша жолданды. Сонымен қатар, сауда саласында, оның ішінде метрология бағыты бойынша талдау жұмыстары жүргізіліп, Агенттікке 7 ұсыныс жолданды. Ағымдағы жылдың 2 жартыжылдығында ауыл шаруашылығы және экология салалары бойынша талдау жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциясының жұмыстарына талдау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде бюрократиядан арылту бойынша Агенттікке 7 ұсыныс жолданды. 2023 жылдың 1 жыртыжылдығында мониторинг жұмыстары бойынша 3 бағытта жұмыстар жүргізілді. 1.«Өндірушілер (зауыттар), экспорттаушылар, импорттаушылар тарапына қатысты әкімшілік рәсімдерді бюрократиядан арылту»; 2. «Рұқсат беру рәсімдері мен монополияға қарсы заңнаманы бюрократиядан арылту»; 3. «Жер қойнауын пайдаланушылар тарапына қатысты әкімшілік рәсімдерді бюрократиядан арылту» Жоғарыда аталған 3 бағыт бойынша Агенттікке 20 ұсыныс және 8 кейс әзірленіп жолданды. Ал, ағымдағы жылдың 2 жартыжылдығында мемлекеттік бақылау және ақпараттық жүйелер бағыттары бойынша мониторинг жұмыстары жүргізілуде.