«Мемлекеттік қызметті өткеру барысындағы мәселелер туралы»
«Мемлекеттік қызметті өткеру барысындағы мәселелер туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.М. Ермаханбетов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 24.11.2023, 15:00
- 24.11.2023, 17:00
Балабаева Гулжайна 24.11.2023, 16:51, Сұрақ нөмірі: 12454
Сәлеметсіз бе! Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза дұрыс қолданылмаса, одан кейін бұйрықтың күші жойылса, мен алмаған сыйақыны ала алам ба?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 24.November.2023, 16:53
Қайырлы күн! Қойған сұрағыңызға Департамент өз алғысын білдіреді. «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысының (бұдан әрі – Қаулы) 1-2. Мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу: 1) мемлекеттік орган – бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) әкімшісі басшысының не оны алмастыратын тұлғаның; 2) аппарат басшысының орталық мемлекеттік органның басшысымен келісілген шешімі бойынша жүргізіледі. Бұл ретте, Қаулының 9-тармағына сәйкес, қызметкерлерге сыйлық беру және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу дербес құрылымдық бөлімшелер басшыларының жазбаша ұсынысының негізінде Қаулының 1-2-тармағында санамаланған тұлғалардың бұйрығымен жүргізілетіні назарыңызға ұсынылады.