«Білім берудегі цифрлық инновациялар»
Білім берудегі цифрлық инновациялар
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 24.11.2023, 10:00
- 24.11.2023, 18:00
Ғалиева Еңлік 24.11.2023, 16:56, Сұрақ нөмірі: 12457
Мектептерде оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыруда қандай жұмыстар атқарылуда және жетістіктері қандай?
Шығыс Қазақстан облысы 24.November.2023, 17:11
Барлық мектептерде IT-сыныптар (343) жұмыс істеуде, онда Python жоғары деңгейлі тілде бағдарламалауды, arduinouno электрондық платформалары негізінде автоматтандырылған құрылғыларды құруды, үш өлшемді ортада модельдеуді үйренумен оқыту бағдарламасы іске асырылады. «Jastar Time» инновациялық орталығында 2019 жылдан бастап оқушылар Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің профессор-оқытушылар құрамы жүргізетін 2D/3D графика, бағдарламалау, бейнемонтаж бағыттары бойынша білім алуда, 493 түлек курстарды аяқтау туралы сертификаттар алды. Оқушылар IT -құзыреттілігі бойынша алған білімдерін it форумдарда, чемпионаттарда, фестивальдарда, хакатондарда сәтті көрсетеді. 2023 жылдың мамыр айында 10-шы «New Generation» it-фестиваліне 77 жобамен 100-ден астам қатысушы қатысты. Үздік IT-жобалар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, «New Generation» IT-фестивалінде 2022 жылғы 10 IT-StartUp-жобаны іске асыру қорытындылары ұсынылды. Биыл облыс әкімінің грантын 30 млн. теңге сомасын 19 IT-Startup-жоба алды. Барлығы 5 жыл ішінде 58 StartUp-жоба жалпы сомасы 65 млн. теңгеге қаржылық қолдау алды, оның ішінде 35 млн.теңгеге 39 жоба толығымен іске асырылды, 8 жоба авторлық құқық туралы куәлік алды.