Мемлекеттік қызметке түсу және оны өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын ұстануы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері
«Мемлекеттік қызметке түсу және оны өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын ұстануы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері» тақырыбында ҚР мемлекеттік қызмет істері Агентттігінің Қостанай облысы бойынша Департаментінің басшысы Ерлан Амандықұлы Салықбаевтың қатысуымен интернет-конференцияны өткізу
- Сұрақтар: 10
- Жауаптар: 10
- 29.11.2023, 15:00
- 29.11.2023, 18:00
Назарова Сандугаш 29.11.2023, 15:19, Сұрақ нөмірі: 12476
Сәлеметсіз бе! Мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға жоғарғы оқу орнынның түлектерін жұмысқа орналыстыруға қатасты өзгерістер енгізілді. Бұл туралы толығырақ ақпарат айтып бере аласыз ба?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 29.November.2023, 15:39
Мемлекет басшысының мемлекеттік қызметке кіру кезіндегі артық кедергілерді жою туралы тапсырмасы шеңберінде 2022 жылы «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңына тиісті түзетулер енгізілді. Мемлекеттік қызметке кірудің жаңа тетіктерінің бірі - мемлекеттік грант (GPA 3,33-тен жоғары) есебінен жоғары оқу орындарын ойдағыдай бітірген үздік түлектерді аудандық және ауылдық деңгейлерде төменгі лауазымдарға конкурстан тыс тағайындау мүмкіндігі бар. Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуды жақсы нәтижемен аяқтаған түлектер диплом алғаннан кейін бір жыл ішінде конкурс өткізбей облыс, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі аппаратында басшылық етпейтін лауазымдарға орналаса алады.