Денсаулық сақтау саласындағы рұқсат құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда)

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты мәселелер бойынша сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 29.11.2023, 15:00
  • 29.11.2023, 17:00

Курынбаева Гульнара 29.11.2023, 15:42, Сұрақ нөмірі: 12477

  • 0

Жеке кәсіпкерлікпен айналыссам деген ниетпен, дәріхана ашссам деймін. Ол үшін қандай құжаттар жинауым керек?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 29.November.2023, 16:02

Бірінші кезекте фармацевтикалық қызметпен айналысу құқығы үшін лицензия алуыңыз керек. Ал лицензияны алу үшін белгілі нысандағы өтініш жазылу керек. Ол өтінішке қоса 10 айлық есептік көрсеткішті мөлшеріндегі фармацевтикамен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төлегеніңіз туралы құжат, фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны қоса тіркеледі.